Mary Kay True Optimism™ парфюм суы
Mary Kay True Optimism™ парфюм суы
Бұл жай ғана парфюм суы емес, ол сіздің болмысыңыздың көрінісі. Сіз өмірдің тосын сыйларын сеніммен қабылдап, айналаңыздағы адамдарды өз харизмаңызбен баурайсыз.
50 мл
-
This item is currently not available
Батыл оптимизм мен жаңа әсерлерге деген құштарлығыңызды осы сергек әрі шабыт сыйлайтын хош иіспен ашыңыз. Бұл жай ғана парфюм суы емес, ол сіздің болмысыңыздың көрінісі. Сіз өмірдің тосын сыйларын сеніммен қабылдап, айналаңыздағы адамдарды өз харизмаңызбен баурайсыз.
Mary Kay True Optimism™ парфюм суы Жарқын әрі табиғи ноталардың ерекше үйлесімі күш пен талғампаздықтың тамаша үндестігін бейнелейді. Шырынды цитрус және жеміс аккордтар сіздің жағымды энергияңызды айқындаса, қанық ағаш-жасыл кипарис ноталары мен нәзік гүл реңктер табиғатпен үйлесіміңізді және жаңа дүниелерді ашуға деген ұмтылысыңызды көрсетеді. Ал пачули мен Orcanox ноталары хош иіске жылы әрі есте қаларлық шлейф сыйлайды. Уақытқа бағынбайтын осы хош иіспен әрбір кездесу ерекше мәнге ие болып, сіздің шынайы оптимизміңізді аша түседі.
Жоғарғы ноталар: мандарин, грейпфрут, алма, қара бұрыш, лаванда, ананас, бергамот, зімбір және арша жидектері. Цитрус, әсерлі, таза және сергітуші жұпар. Жүрек ноталары: озон аккордтары, қазтамақ (герань), ирис, кардамон, шегіргүл жапырақтары және кипарис. Сергек, балғын әрі қуаттандыратын жұпар. Негізгі ноталары: ветивер, самырсын, мускус, емен мүгі, пачули және хош иіске тереңдік пен ұзақ сақталу қасиетін беретін Orcanox™. Ағаш, сезімтал әрі көпқырлы жұпар. Orcanox™ – парфюмерияда қолданылатын заманауи хош иісті компонент. Ол амбраның синтетикалық баламасы болып саналатын (Ambroxan) амброксан түрлерінің бірі. Бұл ингредиент хош иіске жылы, ағаш-амбра, жеңіл мускус реңк беріп, оның ұзақ сақталуына және тереңірек ашылуына ықпал етеді.
Full Ingredients List: ALCOHOL DENAT, WATER/EAU/AQUA, FRAGRANCE/PARFUM, GLYCERIN, LIMONENE, LINALOOL, CITRONELLOL, COUMARIN, BENZYL ALCOHOL, CITRAL, GERANIOL
Хош иіс жарқын цитрустар мен мөлдір таза ноталардың қуатты серпінімен ашылады. Ал соңғы аккордтары хош иіске нәзік жылулық пен сезімтал тереңдік қосып, оның балғын сипатын сақтай отырып, есте қаларлық шлейф қалдырады.
Mary Kay True Optimism™ парфюм суы